Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласы тәуелсіздік ұрпақтарына ерекше әсер етті

30 желтоқсан, 2021 / Дана Ізтілеуова
ашық дереккөзі
Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласы тәуелсіздік ұрпақтарына ерекше әсер етті

Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесін артқа тастадық. Бүгінде «орда бұзар» жас­тағы біздер жүріп өткен жо­лымыз­ға, артта қалған түрлі қиындық пен ал­ған асуымызға тәуелсіздік тұғыры­ның 30 жылдық биігінен қарап отыр­мыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Тәуелсіздік тағылымы» деп ата­ла­тын мақаласы егемендікпен бірге өскен ұрпақтар үшін қатты әсер еткені де сон­­дықтан.

Біз тәуелсіздікті алған күн­гі ата-аналарымыздың көз жасын көр­­дік, жоқшылықтан өттік, 90-жыл­дар­дың қиындығын да еңсердік, сөйте тұра болашаққа нық қадаммен аяқ басып, мемлекетіміздің алдында үлкен жауап­кершілікті сезіндік. Елбасы­мыз­дың «Біз тәуелсіздікке бейбіт жолмен қол жеткізсек те, оған барар жолда ба­­ба­лар қаны аз төгілген жоқ. Тәуел­сіз­дік сол киелі қанның өтеуі еді. Мен мұ­ның бәрін біз сенген, тәрбиелеген бү­гінгі жас ұрпақ білсін, санасына сіңір­сін деп әдейі жазып отырмын», – деуі де осы себептен. Мақаланы бастан-аяқ оқып шы­ғып, түрлі күйді бастан кешірдім. Бойым­ды қуаныш пен мақтаныш кер­н­еді. Себебі біз осы 30 жылдықты бірге өткердік. Елбасы қанатының астында біз де бекіп, қатайдық. Бізден кейінгі тәуелсіз елдің жаңа, жас буыны – мүлдем жаңа көзқарастағы, рухы биік, жігері мұ­қалмаған толқын. Олардың осы күн­ге жетуі үшін төгілген тер де, атқа­рыл­ған еңбек те аз болмады. Сон­дық­тан тұтас бір ұлттың бір ғұмырға та­ти­­тындай уақыт ішіндегі трансфор­ма­циясы, өсуі, жетілуі, кемелденуі «бей­­не­ленген» мақаланы әрбір өсіп келе жат­қан буын оқып, ойға тоқуы ке­рек. Он­да бабалардың аңсаған арма­ны, қа­зақ елінің Тұңғыш Президентін сай­лауға ресми түрде мүмкіндік алуы, біз­ді ел ретінде өркениетті мемле­кет­тер­дің мойындауы, халқымыздың жі­гері, Президентіміздің кемеңгерлігі, қа­зақ еліндегі түрлі саяси-әлеуметтік, эко­номикалық реформалар мен даму­дың сара жолы – бәрі-бәрі дәлме-дәл сипатталған. Әсіресе, мақаланың мына бөлігі есімде қалыпты:
«Біздің жұрт – тамырын жеті қат жер астына жіберген алып бәйтеректей өзінің күш-қуатын ғасырлар бойы Ұлы дала төсінен алған байырғы халық. Бабаларымыз бізге мұра қылып ұлан-ғайыр жер қалдырды. Бірақ ол кешегі пат­ша заманында да, Кеңес Одағы тұсын­да да халықаралық құжаттармен ре­сім­делмеді. Жалпы ұзындығы 14 мың шақырымдық біздің шекара­мыз­дың барлық бойлығына қатысты сын­дарлы келіссөздер үдерісін ұйым­дас­тыру оңай міндет болған жоқ. Бұған басшылығы алғашқы күндерден-ақ біздің тәуелсіздігімізге, сондай-ақ ше­карамызды нақтылау ісіне қолдау біл­дірген екі ұлы көршіміздің – Ресей мен Қытайдың арқасында қол жет­кі­зіл­генін айта кетуім керек. Сөйтіп, Қа­зақстанның Ресей Федерациясымен ара­дағы ұзындығы 7 500 шақырым бола­тын ортақ шекарасы достық пен се­нім белдеуіне айналды. ҚХР-мен шек­тес 1 700 шақырымдық шекарамыз бойын­ша да тарихи уағдаластыққа қол жет­кізілді. Бұл жайт шекара мәселесі бойын­ша өзге де көршілес елдердің сындарлы ұстанымда болуына септігін тигізді».
Расымен, тәуелсіз мемлекет болу – біздің халқымыздың басы­на беріл­ген бақыт. Біз өзге елдің емес, өзі­міздің бабаларымыздың сақ­тап қалған жерінде өз бесігімізді тер­бетіп, өз ғылымымызды тәрбиелеуге мүм­кіндік алып отырмыз. Өз Әнұраны­мыз­ды емін-еркін шырқай аламыз, көк Туымызды ешкімге жалтақтамай ас­қақ­тата аламыз, Елтаңбамызды төрі­міз­ге іліп, еліміздің тасы мен сайын көсіле аралай аламыз.
«Тәуелсіздік те бақыт сияқты, баға­ла­ған адамның, аялаған қоғамның қо­лына тұрақтайды. Халқы тату, эко­номикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақ­ты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қа­зақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екеніне кәміл сенемін», – депті Елбасы.
Бұл сенім әрбіріміздің көкейімізде жа­тыр. Ендігі кезекте әрбіріміздің мін­детіміз – еліміздің беделін жұмыла кө­теріп, халқымыздың жұмақ мекенде өмір сүруі үшін біріге атсалысу.

Әлия Әбсеметова, Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі