Ресейліктер «Шудың бойында» әніне билей жөнелді (ВИДЕО)

Ресейліктер «Шудың бойында» әніне билей жөнелді (ВИДЕО)

Ресейліктер «Шудың бойында» әніне билей жөнелді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазақ әншісі Ахан Отыншиев Андрей Малаховтың «Привет, Андрей» деп аталатын танымал шоуына қатысып, «Шудың бойында» әнін орындады, деп жазды turkystan.kz. Ресейлік танымал шоулардың біріне халықтың көңілінен шыққан, көптің сүйіктісіне айналған әндер талқыға салынды. Шоуға орындаушылар арнайы шақыртылып, олардан сұхбат алынды. Солардың қатарында «Шудың бойында» деп аталатын әнімен ТМД жұртына танылған Ахан Отыншиев те болды. Бағдарлама жүргізушісі Ахан Отыншиевтің жеке өміріне, өмірбаянына тоқталып, әннің тарихы туралы сұрақтар қойды. Аханның айтуынша, ән соғыстың кесірінен бір-бірімен қосыла алмай қалған ғашықтар туралы. Олар Шу өзенінің бойында кездесуге уағдаласқанымен, қосыла алмай, өкініште кеткен екен. Бұдан бөлек, сұхбат кезінде Ахан Отыншиев өзінің қой баққан кездерін есіне алып, шоу қонақтарын күлкіге қарық қылды.
«Оқыған жоқпын. Ауылда өстім, мал бақтым. Әкеме әнші боламын дегенде, «жасың 25-те, қайдағы әншілік? Қой бағасың деді. 300 қой беріп, оны 400-500-ге көбейт, адам боласың» деген еді. Амал нешік, қой бағуыма тура келді. Бірақ сөйтіп жүріп қойлардың қайда жоқ болып кеткенін де білмеймін. Біржолата ән айтып кеттім», - деді ол.
Аханның айтуынша, ол өз әнінің Қазақстаннан бөлек, Ресейде де танымал екенін білмеген екен. Студияда «Шудың бойында» әнін орындаған Ахан Отыншиевке жиналған жұрт сүйсініп, әнді ұнатып қалғандарын жеткізді.