Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды
ашық дереккөзі
Қазақстандық орта салмақтағы кәсіби боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) 2022 жылғы 21 қаңтарда рингке оралады, деп жазды turkystan.kz. «Қазақ» лақап атымен танымал отандасымыз АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Плант-Ситиде жекпе-жекке шығады. Оның бұл жолғы қарсыласы британдық Джимми Келли (25-2, 10 КО). 29 жастағы Джимми Келли соңғы жекпе-жегін өткізгеніне көп уақыт өткен жоқ. Манчестердің тумасы 12 желтоқсанда Экклсте үшінші раундта өз отандасы Гарри Мэттьюсті (16-50-3, 2 КО) нокаутқа жіберген болатын. Ал Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 20 ақпан күні Майамиде өткізген. Қазақстандық боксшы эквадорлық Джейсон Миндумен (14-5-1, 8 КО) болған жекпе-жектің жетінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Айта кетейік, алдағы жекпе-жек Қанат Исламның 2019 жылдан бері рингке бірінші шығуы болмақ.