Аяз атаны қуған баланы министр құттықтады

Аяз атаны қуған баланы министр құттықтады

Аяз атаны қуған баланы министр құттықтады
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында Аяз атаның артынан жүгірген мектеп оқушысын Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Әлеуметтік желілерде таралған видео кейіпкері Алтай қаласы №6 орта мектептің 3-сынып оқушысы Головень Дмитрий екен. Асхат Аймағамбетов оған хат жолдап, онда оқушының жыл бойы 4 пен 5 алғанын, үлгілі оқығанын жазды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ŞQO BILIM BASQARMASY (@upr_obrazovaniya_vko)

«Министр оқушының әрдайым осындай батыл болып, ата-анасы мен мұғалімдерін қуантып, алға қойған мақсаттарына жетуін тіледі. Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына кітап сыйлап, алдағы демалыста мүмкіндігінше көп кітап оқуға кеңес берді. Сондай-ақ бала министрдің атынан басқа да сыйлықтар алды», - деді баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Аяз атаның артынан жүгірген баланың видеосы тарағаны туралы айтқан болатынбыз.