Әйелімен жанжалдасқан дәрігер ауруханада оқ жаудырды

Әйелімен жанжалдасқан дәрігер ауруханада оқ жаудырды

Әйелімен жанжалдасқан дәрігер ауруханада оқ жаудырды
ашық дереккөзі
Ресейдің Ставрополь өлкесінде әйелімен жанжалдасқан дәрігер ауруханада оқ жаудырды, деп жазды turkystan.kz «Mash» басылымына сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, Светлоград қаласында жергілікті клиниканың хирург-анестезиологы Андрей Мирошниченко мас күйде ғимаратқа кіріп, пациенттердің көз алдында қабырға мен төбеге автоматпен оқ атқан. Оқиға орнына полиция аттанды. Әйелінің көңілдесі бар екеніне күдіктенген Андрей бұл әрекетке қызғаныштан барғанын айтқан. Белгілі болғандай, оның жары Людмила дәл сол ауруханада медбике болып жұмыс істейді екен. Құқыққорғаушылар бұзақылық әрекетке барған азаматты ұстады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.