«Импорттық өнім бе екен?..»: сенаторлар шыршаға қатты алаңдап отыр

«Импорттық өнім бе екен?..»: сенаторлар шыршаға қатты алаңдап отыр

«Импорттық өнім бе екен?..»: сенаторлар шыршаға қатты алаңдап отыр
ашық дереккөзі
Сенат депутаттары жаңажылдық шыршалар саудасын бақылауға алуды талап етті. Себебі кәсіпкерлер «импорттық тауар» ретінде өз жерімізде заңсыз кесілген шыршаларды да сатуы мүмкін екен, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Ресейден жеткізілген және ресми түрде тіркелген шыршалардың саны – 78 мың. Ал Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі берген ақпаратта 106 мың дана деп көрсетілген. Осы жерде орынды бір сұрақ туындайды: «Импорттық өнім» деп заңсыз кесілген өзіміздің шырша-ағаштарымыз сатылып жатқан жоқ па?» - деді сенатор Ақылбек Күрішбаев.
Оның айтуынша, қазір сауда орталықтарының алдында жаңажылдық шыршалар тау-тау болып үйіліп жатыр. Ал Қазақстанда ондай ағаштарды жаппай кесуге тыйым салынған. Осы орайда, Ақылбек Күрішбаев Мемлекет басшысының 5 жылдың ішінде 2 миллиард ағашты отырғызуға қатысты тапсырмасын да еске салды.
«Заңда жауапкершілік күшейтілсе де ағаштарды заңсыз кесу әрекеттері тыйылар емес. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 224 орманда заңсыз кесу фактісі анықталды», - дейді ол.
Сондықтан Сенат депутаттары Ақылбек Күрішбаев пен Әли Бектаев Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, бірнеше ұсыныс жасады. Олар: - ораман шаруашылығы инспекторларының санын екі есеге арттыру; - орман шаруашылығының материалдық-техникалық базасын күшейту; - орманшылардың жалақысын көтеру; - аймақтарда орман-тұқым кешендерін ашу; - әрбір орман шаруашылығында өрт анықтаудың заманауи жүйесін енгізу; - халықтың экологиялық мәдениетін көтеру.