Мың құбылған «Канело» енді үшінші жекпе-жек өткізуге ниетті

Мың құбылған «Канело» енді үшінші жекпе-жек өткізуге ниетті

Мың құбылған «Канело» енді үшінші жекпе-жек өткізуге ниетті
ашық дереккөзі
Екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытып отыр, деп жазды turkystan.kz Boxingscene.com порталына сілтеме жасап. Бұл туралы шетелдік басылымға сұхбат берген мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо мәлімдеді. Ол Альварестің орта салмақта қолғап түйістіргісі келетін болашақ қарсыластарын атаған кезде қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге тоқталып өтті.
«Чемпион ретінде біз тек ең мықты боксшылармен айқасуға тырысуымыз керек. Яғни, белбеуі бар боксшылар және жанкүйерлер күтетін жекпе-жектер. Біз WBC чемпионы Джермалл Чарло және Геннадий Головкинмен жұдырықтасқымыз келеді,» - дейді маман.
Сөйтіп, көпшілік ұзақ күткен трилогияның нүктесі қойылатын болды. Еске салайық, «Канело» мен Головкин орта салмақта екі жекпе-жек өткізді. 2017 жылдың қыркүйегінде өткен бірінші кездесу даулы тең нәтижемен аяқталса, бір жылдан кейінгі екінші айқаста мексикалық жеңіске жетті. Осыдан кейін Альварес төртінші дивизионды бағындырды.