Жаңалықтар

Жүдеп кеткен Ким Чен Ын қызу талғыға түсті

ашық дереккөзі

Жүдеп кеткен Ким Чен Ын қызу талғыға түсті

Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ын өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай арықтаған, деп хабарлады turkystan.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап. Басылым Солтүстік Кореяның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары Ким Чен Ын азық-түлік тапшылығы туындаған елінде «аз тамақ» жеп жүр деп жазған. Сонымен қатар, көп салмақ тастаған Ким Чен Ын кәрістердің «жүрегін жаралап» жатқанын жеткізді. Ұлыбританиялық газет келтірген ақпаратқа сәйкес, Солтүстік Корея көшбасшысының арықтап кетуі оның денсаулығының нашарлауымен байланысты көрінеді. Алайда Корея Халық Демократиялық Республикасы бұл болжамды жоққа шығарды.