Камерадан қашқан шенділер белсендінің өзін сотқа бермек

Камерадан қашқан шенділер белсендінің өзін сотқа бермек

Камерадан қашқан шенділер белсендінің өзін сотқа бермек
ашық дереккөзі
Түркістандық шенеуніктер мейрамханадағы отырыстарының шырқын бұзған белсендіні сотқа бермек. Әкімдік қызметкерлері жаңажылдық корпоративте санитарлық талапты қатаң сақтағанын және банкеттің заңды түрде ұйымдастырылғанын айтуда, деп жазды turkystan.kz Оtyrar.kz порталына сілтеме жасап. Облыс әкімдігінің қызметкерлері өңірлік порталдың тілшілеріне банкет заңды түрде ұйымдастырылып, мейрамханада барлығы 50 адам жиналғанын айтқан. Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының бөлім басшысы Әлжан Сапарбеков камераға түсіп қалудан қашамыз деп жүргенде кей шенеуніктердің абыройына нұқсан келді деп есептейді.
«Қазіргі уақытта 3-4 қызметкер беделі мен атына нұқсан келтіргені үшін сотқа талап-арыздар дайындап жатыр. Санитар дәрігер 100 адамға корпоратив кешін өткізуге рұқсат берген және санитарлық талаптар бұзылған жоқ», - деді Әлжан Сапарбеков.
Еске сала кетсек, видео авторы мейрамханада Түркістан облысы білім бөлімінің басшысылары той тойлап жүргенін айтқан. Корпоративке блогер мен полиция қызметкерлері келгенде кеш қонақтары банкеттен бет-бетімен қашқан болатын.