Құдалардың ақ матаны айналдыра орап билеуі қайдан шыққан дәстүр? (ВИДЕО)

Құдалардың ақ матаны айналдыра орап билеуі қайдан шыққан дәстүр? (ВИДЕО)

Құдалардың ақ матаны айналдыра орап билеуі қайдан шыққан дәстүр? (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Құдалықта қонақтардың ақ матадан шеңбер жасап, белден өткізе билеуі дұрыс па? Әлеуметтік желілерде осындай рәсімнің бейнежазбасы тарап кетті. Желі қолданушылары бұл салттың не мағына берерін білмей, дал болды, деп хабарлады turkystan.kz exk.kz-ке сілтеме жасап. Instagram-дағы бірнеше пабликтерде көпшілік үшін таңсық боп көрінген рәсімнің видеосы тарап кетті. Бейнежазбада алдымен жас жұбайларды ортаға шақырып тілек айтылғанын көруге болады. Кейінірек екі жақтың құда-құдағилары мен жас жұбайлар оралған ақ матаны арқаларынан айналдыра өткізіп, ішінде билейді. Бұл жұртшылықтың таңданысын тудырды. Желідегілердің бірі қазақта мұндай ырымның жоқ екенін айтса, келесі бірі бұл еліміздің батыс өңірінде кеңінен тараған дәстүр екенін жарыса жазды. Айтуларынша, екі жақтың құдалары бір-бірімен жақын араласып, бірлігіміз жарассын деген ниетпен осы бір ырымды жасайды екен.

Тағы оқи отырыңыз: «Жыртыл, қазақ!»: беташар табағына 55 млн теңге жиналды (ВИДЕО)

Тағы бір «сәлем салғыш» күйеу бала шықты (ВИДЕО)

Қайын жұртына сәлем салған күйеубала жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Тағы бір келін терезеден кірді (ВИДЕО) Бейнежазбадағы көріністі қазақтың байырғы салттарының бірі «отқа жыртар»-ға ұқсатуға болады. Бұл - құдалық кезінде жасалатын ырым. Әулеттің сыйлы абысындары құдағилар бір-бірімен тату-тәтті болсын, құшақтары ажырамасын деп ақ матаға матап тастайды екен. Матаға оралған аналар бір-бірімен құшақтасып, бет сүйістіреді. Кейін матаны бөліске салып жыртып, қонақтарға таратады. Бұл тек әйелдердің қатысуымен жасалатын салт. Ақ матаның ұзындығына қойылатын белгілі бір шектеу болмайды. Ол құдағидың пейіліне, жағдайына байланысты.