Көлігімен адамды қағып өлтірген келіншек рақымшылыққа ілінді

Көлігімен адамды қағып өлтірген келіншек рақымшылыққа ілінді

Көлігімен адамды қағып өлтірген келіншек рақымшылыққа ілінді
ашық дереккөзі
Орал қаласында көлік тізгіндеген келіншек ер адамның өліміне кінәлі болса да жазадан құтылып кетті, деп жазды turkystan.kz. Оқиға 23 қазан күні болған болатын. Түнгі клубтан шыққан азаматты жүйткіген көлік қағып кетеді. Ер адам оқиға орнында көз жұмғаннан кейін көлік тізгіндеген келіншек тергеуге алынған. Бірақ көпке созылмай жазадан құтылып отыр.
«Біз таңғалып тұрмыз. Іс сотқа жетпей жатып, келіншекті босатып жіберді. Тіпті, көлігі мен куәлігін қайтарып берген. Енді көшеде емін-еркін жүр. Адам өлтірсе де бостандықта, жазасыз жүруі жанымызға қатты батып отыр. Бізде өзі әділдік бар ма?» - деп қынжылады қаза болған азаматтың әпкесі.
Енді істі аппеляцияға бергеннің өзінен де еш нәтиже шықпайды. Сот екі баласы бар келіншекті рақымшылықпен босатты. Бірақ ол жазаға тартылмаса да материалдық шығынды өтеуге міндеттелген.