Роналдудың Үндістандағы мүсініне жергілікті халық наразы

Роналдудың Үндістандағы мүсініне жергілікті халық наразы

Роналдудың Үндістандағы мүсініне жергілікті халық наразы
ашық дереккөзі
Гоа штатында әлемдегі ең танымал футболшылардың бірі Криштиану Роналдудың мүсіні орнатылды. Алайда, жергілікті халық бұл мүсіннің орнатылғанына наразы. Оның басты себебі – 1961 жылға дейін Гоа штаты Португалияның колониясы болған, деп жазды turkystan.kz. Роналдудың мүсіні Калангут қаласында орнатылған. Алтын түспен жалатылған тас мүсіннің салмағы - 410 килограмм. Ал оны жасауға 16 мың АҚШ доллары жұмсалған.
«Криштиану Роналдудың мүсіні Үндістан жерінде алғаш рет орнатылып отыр. Жергілікті жастардың сұранысымен және елімізде футболды дамыту мақсатында осындай қадамға бардық», - деді Гоаның Білім және технология министрі Майкл Лобо «Twitter»-дегі парақшасында.
Атап айтар болсақ, егер Үндістан тек 150 жыл Ұлыбританияның отары болса, Гоа территориясы 450 жыл бойы Португалияға бағынышты болған. Сондықтан да жергілікті халық португалдықтарды ұнатпайды.