Шетелдіктер Қазақстанда 16 балаға зорлық көрсетіп, 65 адамды өлтірген

Шетелдіктер Қазақстанда 16 балаға зорлық көрсетіп, 65 адамды өлтірген

Шетелдіктер Қазақстанда 16 балаға зорлық көрсетіп, 65 адамды өлтірген
ашық дереккөзі

Елімізде жүрген шет ел азаматтары соңғы жылдары 65 адамды өлтіріп, 16 балаға азғындық жасаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов айтты, деп жазды turkystan.kz «AstanaTV»-ға сілтеме жасап.

Ерлан Смайловтың айтуынша, 5 жылда Қазақстанға 20 мыңнан астам шетелдік келген. Олар жасаған қылмыстың көптігі бақылауды күшейтуді талап етеді. Бұл аралықта шет елден келген 400 мыңға жуық адам жауапқа тартылған.
«Шетелдіктер 5 жылда 11 мыңға жуық қылмыс жасады. Оның ішінде,  65-і адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 249, зорлау – 156, балаларға азғындық жасаған 16 факті бар», – деді Мәжіліс депутаты.