«Тұран» ФК-ның спорт директоры тағайындалды

«Тұран» ФК-ның спорт директоры тағайындалды

«Тұран» ФК-ның спорт директоры тағайындалды
ашық дереккөзі
Бүгін жаңа спорт директоры Фархадбек Ирисметов «Тұран» ФК-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлады turkystan.kz. Рrosports.kz порталы 40 жастағы маманның өткен маусымда «Тұран» футбол клубының бапкерлер штабында қызмет еткенін жазған. Ол футболшы болып Қазақстанның 9 клубында өнер көрсеткен. Үш дүркін ел чемпионы (2002, 2003, 2010) атанып, екі мәрте ел Кубогы (2007, 2011) мен Суперкубокта (2012) жеңіске жеткен.