Атырау көшесінде түлкі жүр (ВИДЕО)

Атырау көшесінде түлкі жүр (ВИДЕО)

Атырау көшесінде түлкі жүр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде Атыраудағы сауда үйінің маңында жүрген түлкінің видеосы тарап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Тұрғындардың бірі дала түлкісін түнде «Шалқыма» сауда үйінің маңында көрген. Ол сауда мекемесінің кіреберіс есігіне қарай жүгіріп, бір айналып, қашып кеткен. Аймақтық «Ақжайық» басылымы оқиғаға байланысты мамандар пікірін жариялады.

- Оның адамнан қорықпауының өзі - патология. Түлкі құтыру ауруымен ауруы немесе қауіпті аурудың, бірінші кезекте оба тасымалдаушысы болуы мүмкін, - деп есептейді облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының бас аңшысы Александр Ивасенко.

Оның айтуынша, аң әлдебір аңшының ауласынан қашып кеткен болуы да мүмкін. Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалхаров та осы пікірде.

- Түлкінің жылы жерге кіргісі келгендей дүкен есігіне қалай жүгіргеніне назар аударыңыз. Бұл дала түлкісіне ұқсамайды. Тіпті, күтімі де жақсы. Атырауда экзотикалық, жабайы аң-жануарларды үйде ұстайтындар бар деп естідім. Құтыру ауруына келетін болсақ, оны тек зертханалық жағдайда ғана анықтауға болады, - дейді ол.

Ал мамандар бірауыздан қандай жағдайда да жабайы аң-жануарға қол тигізу, сипау былай тұрсын, оларға ешқашан жақындамау керектігін ескертіп отыр.