Ақтауда 23 жастағы жігіт есірткімен ұсталды

Ақтауда 23 жастағы жігіт есірткімен ұсталды

Ақтауда 23 жастағы жігіт есірткімен ұсталды
ашық дереккөзі
23 жастағы ақтаулықтан «мефедрон» есірткісі тәркіленді, деп хабарлады turkystan.kz. Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласының бірінші шағынауданынан 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
 «Одан «мефедрон» синтетикалық есірткісі салынған алты түйір бума тәркіленді», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Есірткінің жалпы салмағы 3,337 грамм болды. есірткі Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның Ақтау қаласының аумағында есірткі түйірлерін қойып кету әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексерілуде.