Алматыда сауда орталығынан өрт шықты

29 желтоқсан, 2021 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Алматыда сауда орталығынан өрт шықты Қалалық ТЖД ақпаратына сәйкес, өрт сөндірілген.
«Жаңа Ялян» сауда үйінде екі контейнер өртенді, ал үшінші контейнер жоғары температура салдарынан зақымдалды», - деп түсіндірді Алматы ТЖД өкілдері.
Өрттің жан-жақты шарпымауын ойлаған мамандар көрші контейнерлерді ашып, тауарларды сыртқа шығарды. Жалын аумағы шамамен 21 минутта оқшауланып, сағат 17:16-да толығымен сөндірілді.