Жаңалықтар

Кабулда ереуілшілерге оқ атылды

ашық дереккөзі

Кабулда ереуілшілерге оқ атылды

Тәліптер 28 желтоқсанда Кабулда ереуілге шыққан әйелдерге оқ жаудырды, деп жазды turkystan.kz. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға итальяндық аурухана аймағында болған. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. TOLOnews телеарнасы бұған дейін Ауғанстан астанасында бір топ әйелдер ұйымдастырған наразылық акциясы өтіп жатқаны жайлы хабарлаған. Белсенділер өз құқықтарын сақтауды, тұрмыс жағдайын жақсартуды талап еткен. Олар «Біз – аш адамдардың үніміз. Әйелдер оянды, біз кемсітуді жек көреміз» деп ұрандатты. Айта кетейік, тәліптер әйелдерге жалғыз жүруге тыйым салған.