Қостанайда субсидияны жымқыру фактісі анықталды

Қостанайда субсидияны жымқыру фактісі анықталды

Қостанайда субсидияны жымқыру фактісі анықталды
ашық дереккөзі

Қостанай облысында топ адам агроөнеркәсіп кешені саласында субсидия жымқырған, деп хабарлады turkystan.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, субсидияны жымқыру дерегі мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылған. Ол агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жайылымдарды суландыруға жұмсалған инвестиция шығындарының бір бөлігін өтеуді қарастырады.

«2018 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде облыстың шаруа қожалықтарының басшыларын алдау арқылы ЖШС басшысы және өзге де тұлғалар мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 161 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіргені анықталды», - делінген агенттік таратқан хабарламада.