Ресей шекарасынан өту үшін саусақ іздерін тапсыру керек

Ресей шекарасынан өту үшін саусақ іздерін тапсыру керек

Ресей шекарасынан өту үшін саусақ іздерін тапсыру керек
ашық дереккөзі
Көрші Ресейде мигранттар мен шетелдіктерге елге кіру ережелері өзгерді. Енді жұмысқа немесе 90 күннен астам уақытқа кіретін адамдар дактилоскопия, яғни саусақ іздерін тапсырып, медициналық тексеруден өтулері керек, деп жазды turkystan.kz. Бұл жаңашылдық 29 желтоқсаннан бастап күшіне енетін заң жобасында қарастырылған. Жаңа ережелер заңсыз иммигранттарды тәртіпке келтіруге, ұлтаралық қақтығыстардың алдын алуға және жаңа инфекцияларға тосқауыл қоюға көмектеседі деп күтілуде. Сонымен, Ресей Федерациясына жұмысқа келген шетелдіктер кірген сәттен бастап 30 күн ішінде дактилоскопиядан өтуге міндетті. Басқа мақсаттармен келгендерге саусақ іздерін тапсыру мерзімі 90 күнге дейін белгіленген. Мемлекеттік Думаның пікірінше, дактилоскопиялық тіркеу қылмыскерлер мен террористік ұйымдарға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмысты барынша жеңілдеттірмек. Сондай-ақ, жаңа нормалар бойынша шетелдіктер медициналық куәландырудан өтулері тиіс. Мерзімі бірдей, яғни жұмысшылар үшін - 30, ал қалғандары үшін 90 күн. Мигранттарды дәрігердің тағайындауынсыз есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалану фактісінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ айналасындағылар үшін қауіпті жұқпалы аурулар және АИТВ-инфекциясы тексеріледі. Сондай-ақ, құжатта Ресейдің жекелеген субъектілерінде федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорындар ішкі істер саласындағы аумақтық органдарға дактилоскопияны жүргізуге жәрдемдесуі керек делінген. Бұл іс-шаралардан өту үшін Ресейге келген шетелдіктер Ішкі істер министрлігінің аумақтық органына, ведомстволық бағынысты кәсіпорынға немесе уәкілетті ұйымға жеке жүгінуі керек. Ресейге 90 күннен астам уақытқа келген еңбек мигранттары мен шетелдіктер екі процедурадан бір рет өтеді. Оларға дактилоскопиядан өткені туралы тиісті құжат беріледі.