Ақтөбеде мектеп директоры сотталды

Ақтөбеде мектеп директоры сотталды

Ақтөбеде мектеп директоры сотталды
ашық дереккөзі
Облыс орталығындағы жалпы білім беретін №71 мектебінің директоры оқу орнына жұмысқа қабылдағаны үшін пара алған, деп жазды turkystan.kz. Сот баспасөзі қызметінің хабарлауынша, мектеп директорының міндетін атқарушы бірнеше рет пара алды деп айыпталған. Алдымен жұмысқа орналасуға жәрдемдескені үшін 200 мың теңге, содан кейін тағы 100 мың теңге алған. Сөйтіп, сот шешімімен басшыға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Шешім қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық қылмысының ауыр екені, сондай-ақ сотталушының жас балалары бар екені ескерілген.