«Елдіктің жеті тұғыры» – қоғам үшін қажетті мол қазына

«Елдіктің жеті тұғыры» – қоғам үшін қажетті мол қазына

«Елдіктің жеті тұғыры» – қоғам үшін қажетті мол қазына
ашық дереккөзі
Дәстүрлі #NUROTANTRENDS алаңында қазақстандықтар үшін басты бағдар болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын талқыланып, қатысушылар қазіргі Қазақстанның өзекті қоғамдық-саяси мәселелері бойынша пікір алмасты, деп жазды turkystan.kz. Пікірталасқа «Nur Otan» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Мадина Нұрғалиева, Еуразия интеграциясы институтының директоры Оразғали Селтеев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, саясаттанушы Никита Шаталов және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев қатысты. Алдымен сөз алған Еуразия интеграциясы институтының директоры, саясаттанушы Оразғали Селтеев елдіктің жеті тұғырының маңыздылығына тоқталды.
«Билеуші партия және басқа да қоғамдық, саяси қозғалыстар мемлекеттіліктің 7 тірегі құндылықтарын нығайтумен айналысуы тиіс. Өйткені, қоғам оларды бөледі, олар дамудың іргетасы болып табылады. 30 жылдықтың басты қорытындысы - елдің саяси, аумақтық және экономикалық егемендігін қамтамасыз ету. Бұл ретте Қазақстанның Тұңғыш Президентінің рөлі мен еңбегі зор. Елбасы «Nur Otan» үшін саяси салада ғана емес, қоғамдық салада да басымдық беру туралы мақсат қойды», – деді спикер.
Саясаттанушы елдіктің жеті тұғыры – Елбасының идеологиялық кешені екенін атап өтті. Сарапшының пікірінше, әртүрлі саяси партиялар, азаматтық белсенділер мен қозғалыстардың өзіндік көзқарастары болуы мүмкін. Бірақ жалпы саяси бағытқа қатысты консенсус бар.  width=
«Мұндай жағдайда басқарушы партия ретінде «Nur Otan»-ға елдің сабақтастығын, саяси тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз ететін ел Президентінің мемлекеттік бағыты төңірегінде қоғамды топтастыру міндеті жүктелген. Ішкі саяси тұрақтылыққа негізінен басым партиямен 20 жыл ішінде құрылған партиялық-саяси жүйенің арқасында қол жеткізілді. Нақ осы билеуші партия осы жылдар бойы еліміздегі барлық жаңғырту үдерістерінің локомотиві болғаны сөзсіз», – деп сөзін қорытындылады Оралғали Селтеев.
Бұл орайда, Қоғамдық саясат институтының директоры Мадина Нұрғалиева әлеуметтік сауалнамалар кезінде елімізде жүріп жатқан ауыл әкімдері сайлауындағы ашықтықты, карантин кезінде жағдайы қиындаған халыққа зейнетақының шекті мөлшерін алуға рұқсат берілуін, несие рақымшылығы және басқа да жеңілдіктерді отандастарымыздың оң қабылдағаны анықталғанын тілге тиек етті.  width=
«Биылғы жылдың қараша айында жүргізілген зерттеулерге сәйкес, халықтың партия мен билік институттарына деген сенімі артып келеді. Бұл үрдіс жыл бойы сақталды. Сауалнамаға қатысқан 6800 респонденттің 76,6 пайызы «Nur Otan»-ға деген сенімін білдірді. Бұл - партияның электораттық уәделерін сапалы орындауының нәтижесі. Мәселен, респонденттердің 59,9 пайызы партияның сайлауалды бағдарламасымен таныс. Ал 55 пайызы партияның өз уәделерін орындайтынына сенімді», – деді Мадина Нұрғалиева.
Сондай-ақ сарапшы қазақстандықтардың билік институттарымен өзара іс-қимылы мәселелеріне, қоғамдық қабылдаулар жұмысына және халық арасындағы әлеуметтік оптимизм көрсеткіштеріне тоқталды. Қоғамдық саясат институты директорының пікірінше, ауыл әкімдерін сайлауы халықтың оң бағасына ие болған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, сауалнамаға қатысушылардың 67,9 пайызы бұл науқан ауыл тұрғындарына жергілікті билік пен қабылданатын шешімдерге ықпал етуге мүмкіндік береді деп санайды. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев өз кезегінде Тәуелсіздік құрдастарының жасы бүгіндері отызға келгенін атап өтті. Бұл жастар бүгіндері отбасыларын құрып, қоғамның бір бөлшегіне айналды. Тіпті, бірқатары елеулі еңбегімен, өнер-білімімен, түрлі жетістігімен көзге түсуде. Халық қалаулысы осы жастар Елбасы ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығына зер салып, зерделей білсе, қоғам үшін қажетті мол қазынаға ие боларына сенімді. Елнұр Мәжілісмен партияның тиімді жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі партия ішінде өткен сайлау мен қоғамдық кеңестердің жұмысы болып табылатынын айтты.
«Ел бойынша екі жүзден астам қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 160 мың қабылдау өтті. Өтініштерін айтып келген азаматтардың мәселелердің 98 пайыздан астамы өз шешімін тапты. Бұл партия жұмысының жүйелілігін көрсетеді. 2020 жылдың басты жаңалығы – ол партияішілік праймериз болды. Қандай мәселелер халықты мазалайтынын праймериз кезіндегі кездесулер арқылы көз жеткіздік. Соның қорытындысы ретінде үлкен сайлауалды бағдарламасы жасалды», – деді депутат.
Бұл науқанның Қазақстанның ауыл-аймақтары мен аудандарында саяси үрдісті қалыптастыруға мүмкіндік бергені сөзсіз. Себебі, ол жастардың, көпбалалы аналар, волонтерлер, мұғалімдер мен дәрігерлердің депутаттыққа баруына жол ашты. Билікке жалындаған жігерлі жастардың тікелей араласуына да септігін тигізді. Тіркелген үміткерлердің 29 пайызы – 35 жасқа дейінгі азаматтар осының айғағы. Пікірталасқа онлайн қатысқан саясаттанушы Никита Шаталов пандемия кезіндегі партияның ілгерілеуі мен команданың үйлесімді жұмысын атап өтті.
«Пандемия кезінде көрсетілген әлеуметтік бастамалардың, белсенді қайырымдылық қолдаудың нәтижесінде «Nur Otan» партиясы өзінің ықпалын одан әрі арттырып, халықтың үлкен сеніміне ие болды. Менің ойымша, ауыл әкімдерінің сайлауы елді мекендерде кадрлық құрамды айтарлықтай жаңартуға мүмкіндік береді. Партияның ұйымдастырушылық дайындығы мықты болғанын көрдік», – деді ол.
Шаталов Сарапшының айтуынша, «Елдіктің жеті тұғыры» әр қазақстандыққа жақын негізгі құндылықтарды қамтиды. Себебі, біз осы құндылықтарға сүйеніп өстік. Мысалы, Елбасының қағидаттар жинағында жазған отбасының құндылығы қазіргі жастар арасында өзекті. Бұл туралы көптеген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері де айтады. Бұл олардың білім алуға және өзін-өзі тәрбиелеуге деген ұмтылысында көрінеді. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалинаның айтуынша, түрлі зерттеулердің қорытындысынан партия жұмысының тиімділігі артқанын анық көруге болады. Алуа
«Халықтың билікке және билік институттарына деген сенімі негізгі индикаторлардың бірі болып табылады. Біздің институт барлық әлеуметтік зерттеулерге жүйелі түрде талдау жүргізеді және негізгі тұжырымдар ұқсас. Қазақстандықтар арасында қоғамдық институттарға деген сенімі өсіп келеді. Бұл қоғамдағы сапалы өзгерістердің, мемлекеттің балаларға, әйелдерге деген қарым-қатынасына және тағы басқа фактілердің нәтижесі», – деді Алуа Жолдыбалина.
Пікірталаста соңғы болып сөз алған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев жастар саласындағы зерттеулердің нәтижелерін, оның құндылықтары мен проблемалары туралы баяндады. Сакошев Орталық басшысы қазіргі жастардың басты басымдығы – отбасы институты екенін айтады. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта жастар санының азайып кеткенін атап айтты. Оның болжамы бойынша, бұл жағдай 2023 жылға қарай өзгеруі тиіс. Ал 2030 жылы еліміздегі жастардың саны өзінің ең жоғары деңгейіне жетпек. Жиын соңында барлық қатысушылар Елбасы ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын басшылыққа алу еліміздің барлық азаматының басты бағдарына айналуы тиіс деген ортақ пікірге келді.