Азамат Мұсағалиев қазақша ән салып, жұртты дән риза қылды (ВИДЕО)

Азамат Мұсағалиев қазақша ән салып, жұртты дән риза қылды (ВИДЕО)

Азамат Мұсағалиев қазақша ән салып, жұртты дән риза қылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ресейдегі танымал әзілкеш, қазақ Азамат Мұсағалиев өзінің жанкүйерлерін тағы бір мәрте таңқалдырды. Ол музыканттармен бірге қазақ тілінде ән орындап, қазақстандық желі қолданушыларды қуантып тастады, деп жазды turkystan.kz. Камызяк қаласында туып-өскен қандасымыз «Instagram» парақшасында «Тұмарым» әнін орындаған видеоны жүктеді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Азамат Мусагалиев (@azabraza1984)

Азамат видеоның астына «Әттең, осы әннің сөзін ұмытып қалдым» деген жазба қалдырды. Оның бұл жазбасын қалжың деп қабылдағандар да, шынға балағандар да бар. Тіпті, желі қолданушылардың бірі бұл  өлеңнің сөзін жазып қалдырған. Азаматтың бұл әрекетін құптаған қазақстандық комментаторлар да жетерлік. Кейбір желі қолданушылар арасында әннің шығу тегіне байланысты пікірталастар да орын алды. Біреулер бұл әнді қазақтікі десе, енді біреулер қырғыздың әні деп дауласып қалған.