Бекболат Тілеухан депутаттық мансабын аяқтап, Ердоғанның орынбасары болып кетті
Бекболат Тілеухан депутаттық мансабын аяқтап, Ердоғанның орынбасары болып кетті
ОСК Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz.
Комиссияның ресми сайтында хабарланғандай, Бекболат Тілеухан өкілеттігін тоқтатуға өзі өтініш берген. Осы орайда, ол өзінің қызметтен кетуі себебін айтты.
«Негізгі себеп, жасырмай-ақ қояйын, денсаулығыма байланысты. Біраз демалғым келеді. Кешенді емдеуден өтпекпін. Бұл жөнінде Елбасына, Мемлекет басшысына баяндадым», - дейді ол.
«Мұнда денсаулық мәселесі ғана емес...» деген депутат, сондай-ақ жаңа қызметке тағайындалғанын да айтты.
«Мен сияқты адамдар бос жүре алмайды. Сонымен қатар, бұған дейін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған мырзаның Орталық Азия этноспорт комитетін басқаруына ұсыныс келіп түсті. Қазір мені Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті етіп тағайындады. Бізде белгілі бір келісімдер бар, мен біртіндеп соған өтемін», - деді ол.