Сот «Көше партиясының» белсенділерін босатудан бас тартты

Сот «Көше партиясының» белсенділерін босатудан бас тартты

Сот «Көше партиясының» белсенділерін босатудан бас тартты
ашық дереккөзі
Алматы қалалық соты апелляциялық алқасы «Көше партиясы» ісі бойынша бұған дейін шығарылған үкімді қайта қарау әрекетінен бас тартты, деп хабарлады turkystan.kz. Еске сала кетсек, биылғы 11 қазанда Алматыда ҚР ҚК-нің 405-бабы, 1 және 2-бөлімдері бойынша «Көше партиясының» 13 белсендісі сотталған еді. Ол ұйым 2020 жылдың мамырында «экстремистік партия» деп танылып, жұмысына сотпен тыйым салынған-ды. Асхат Жексебаев, Қайрат Қылышев, Абай Бегімбетов және Ноян Рахымжанов 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Қалғандарының 1 жылдан 2 жылға дейін бас бостандықтары шектелді. Сот 4 белсендіні «ҚДТ» партиясының мүшесі деп танып, олар «Көше партиясы» деген желеумен оның әрекетін жасауда деп айыптады. Ал қалған 9-ына тыйым салынған партияның акциясына қатысты деген айып тағылды. Бұл ретте шетелде бой тасалап қашып жүрген қазақстандық банкир Мұхтар Әбілязов құрған және басшылық ететін «ҚДТ» партиясы 2018 жылдың наурызынан бастап сот шешімімен экстремистік және Қазақстан аумағында тыйым салынған партия деп танылған болатын.