Әлемдегі ең жас республикада мерзімінен бұрын сайлау өтеді

Әлемдегі ең жас республикада мерзімінен бұрын сайлау өтеді

Әлемдегі ең жас республикада мерзімінен бұрын сайлау өтеді
ашық дереккөзі
Аралдық ел – Барбадос патшайым Елизавета II мемлекет басшысы лауазымынан кеткеннен кейін мерзімінен бұрын жалпыхалықтық сайлау өтетінін жариялады, деп жазды turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Елдің премьер-министрі Миа Моттли саяси науқанның 19 қаңтарда болатынын хабарлады. Бұрын Ұлыбританияның колониясы болған ел қазан айында Сандра Мейсонды елдің тұңғыш президенті етіп сайлады. Ол 30 қарашада республика басшысы ретінде ант берді. Мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімді түсіндіретін саяси үндеуде Моттли өз үкіметінің экономикалық және қаржылық жетістіктерін айтты және COVID-19 пандемиясының елдің маңызды туристік секторына келтірген залалына қарамастан, ел экономикасы қалпына келеді деп мәлімдеді. Дауыс беру 19 қаңтарға, ал кандидаттарды ұсыну күні 3 қаңтарға белгіленді.