Жаңа жылдан бастап утилизациялық алым мөлшері өседі

Жаңа жылдан бастап утилизациялық алым мөлшері өседі

Жаңа жылдан бастап утилизациялық алым мөлшері өседі
ашық дереккөзі
Елімізде 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК мөлшері 2917 теңгеден 3063 теңгеге өседі. Сол себепті, утилизациялық алым мөлшері де көбейеді, деп жазды turkystan.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап. АЕК-тің жаңа мөлшері 5%-ға өскендіктен көлікті Қазақстанға әкелгенде төленетін утилизациялық алым да сол мөлшерде көбейеді. Оны қазақстандық автоөндірушілер, ресми импорттаушылар және елге шетелден (ЕЭО немесе өзге елдерден) көлік әкелетіндердің бәрі төлеуге міндетті. Утилизациялық алым машинаны ел аумағында тіркемес бұрын төленеді. Утилизациялық төлемді есептеуде базалық мөлшерлеме ретінде 50 АЕК қолданылады (2022 жылы 153 150 теңге болады), оны көліктің түрі мен категориясына байланысты коэффициентке көбейтеміз. Биыл маусымнан бастап электромобильдер утилизациялық алымнан босатылады.