«Қайсар» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

Қызылорда облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімімен Жұмахметов Жағыппар Насрадинұлы «Қайсар» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жағыппар Насрадинұлы 1961 жылы 21 наурызда Арал қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1978-1983 жылдары Қазақстан политехникалық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы Ақтөбе облысында «ЗапКазГеология» бірлестігінде бұрғылау шеберінен бастап, бас инженер лауазымына дейін көтерілген.

1991-1999 жылдары «ЮЖ Нефтегаз» компаниясында инженер, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметін атқарған.

1999-2005 жылдары Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары;

2005-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы;

2009-2010 жылдары ОҚО Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының бірінші орынбасары;

2010-2012 жылдары «ҚазГерМұнай» АҚ-ның департамент басшысы;

2012-2014 жылдары «Тұран» барлау мұнай компаниясы бас директорының орынбасары;

2014-2016 жылдары Өрт сөндіруші АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры;

2017 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауытының» техникалық директоры қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button