Жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

28 желтоқсан, 2021 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады Дүйсенбі күні кешке оңтүстік Калифорниядағы Эль-Кахон қаласына жақын жерде ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz. Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға кезінде барлық жолаушылар қаза тапқан.
«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тірі қалғандарды таба алмады», - деді жергілікті билік өкілдері.
Бірақ нақты қанша адамның мәйітін тапқанын нақтыламады. Әзірге Learjet ұшағының апатқа ұшырағаны ғана белгілі. Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.