Қазақстанда қанша шет ел азаматы тұрады?

Қазақстанда қанша шет ел азаматы тұрады?

Қазақстанда қанша шет ел азаматы тұрады?
ашық дереккөзі
Бүгінде елімізде 137 702 шет ел азаматы тұрып жатыр. Одан бөлек, соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанға 20 887 800 шет ел азаматы келген, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Смайлов мәлім етті.
«Соңғы 5 жылдың ішінде (2017-2021 жж) 127 415 адам Қазақстан азаматтығын алған. Оның ішінде 7 731 ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 19 684 жеңілдетілген түрде және 106 052 этникалық қандас. Сондай-ақ, соңғы бес жылдың ішінде елімізде 20 877 800 шет ел азаматы болды, оның 1 539 417-сі алыс шет елден келсе және 19 338 383 азамат ТМД елдерінің азаматтары. Одан бөлек, аталған уақыт ішінде Қазақстанға келген 395 755 шет ел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Оның қатарында 18 683 алыс елдер азаматы бар, қалған 377 072 ТМД азаматы. Бүгінде елімізде ІММ-нің статистикасына сәйкес 137 702 шет ел азаматы тұрақты тұрып жатыр. Сол сияқты биылғы есеп бойынша 25 176 қандас тұруда», - деді Ерлан Смайлов Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында жасаған баяндамасында.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты еліміздің көші-қон туралы заңнамасына өзгерістер енгізіп, толықтырудың маңыздылығына тоқталып өткен.