Елордада «Arman Ağaşy» акциясы сәтті аяқталды

Елордада «Arman Ağaşy» акциясы сәтті аяқталды

Елордада «Arman Ağaşy» акциясы сәтті аяқталды
ашық дереккөзі
Елордада «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері Жаңа жыл қарсаңында «Нұрлы жүрек» КММ ерекше қажеттіліктері бар 118 баланың тілегін орындады. Нақты айтқанда, «Biz Birgemiz» жалпыұлттық қозғалысы мен «Хан Шатыр» СОО іске қосқан «Arman Ağaşy» акциясы сәтті аяқталды. Бұл акция бірінші жыл өткізіліп отырған жоқ. Акцияның басты мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ауыр сырқаты мен мүгедектігі бар балаларға жаңа жыл алдында мерекелік көңіл күй сыйлау және олардың тілектерін орындау. Jas Otan
«Біз үшін «Arman Ağaşy» - Жаңа жыл қарсаңында өткізілетін ерекше акция. Биыл біздің әріптестеріміздің, «Nur Otan» партиясының мүшелері мен елорда тұрғындарының көмегімен 118 баланың тілегі орындалды. Көбінесе балалар үстел ойындарын, қуыршақтарды, машиналарды, конструкторларды, роботтарды сұрайды. Бүгін осы сыйлықтардың барлығы мерекелік ертеңгілікте тарту етілді», - деді «Jas Otan» ЖҚ төрағасының орынбасары Асылжан Бүркіталин.
Айта кету керек, акция бір ай бұрын іске қосылды және оған кез келген адам қатыса алды. Жасотандықтар балалардың тілектерін жинап, конверттерге салып, жапырақтардың орнына «Хан Шатыр» СОО «Тілектер ағашына» іліп қойды. Барлық сыйлық жиналып, балаларға аниматорлардың қатысуымен мерекелік атмосферада табыс етілді.