Премьер-министр неге тілшілердің алдына шықпайды? (ВИДЕО)

Премьер-министр неге тілшілердің алдына шықпайды? (ВИДЕО)

Премьер-министр неге тілшілердің алдына шықпайды? (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Журналистер Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтан «Премьер-министрдің неге тікелей тілшілердің алдына шықпайтынын» сұрады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Еститін Үкіметтің басшысы бірде-бір рет журналистердің алдына шыққан жоқ. Неліктен?» - деп сұрақ қойды Азаттық Радиосының тілшісі.
«Үкіметтен келетін ақпараттың бәрі біздің арнайы ақпараттық қызмет арқылы беріліп отырғанын жақсы білесіздер. Үкіметтің әрбір мүшесі толық ақпаратты Орталық коммуникациялар алаңы арқылы да, Үкіметтің отырысынан кейін де толық беріп жатыр. Өткенде алдарыңызға шықты»,  - деді Ералы Тоғжанов.
Алайда, тілшілер жауапқа қанағаттанбады. Ақыры Ералы Тоғжанов «Маминге қатысты сұрақты өзіне қойыңыздар» деп құтылды.