Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысы өтті

Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысы өтті

Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысы өтті
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Шарада белсенді экспорттаушылар санын ұлғайта отырып, экспорттық акселерация бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды. Еске сала кетсек, 2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Орталық Азиядағы алғашқы экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылған еді. Бағдарламаның бірінші кезеңіне Қытай нарығына бағытталған тамақ саласының 35 компаниясы қатысты. Компаниялардың жартысынан көбі – ШОБ. Сондай-ақ биыл іске қосылған бағдарламаның екінші кезеңінде тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіп және машина жасауда 101 компания іріктелді. 2020-2021 жылдары бағдарламаны іске асыруды ескере отырып, бүгінде экспорттаушылар саны 410-нан (2020 ж.) 546-ға (2021 ж.) дейін ұлғайды. Қазір осы кәсіпорындардың экспорттық түсімі шикізаттық емес экспорттың барлық көлемінің 80%-ға жуығын қамтамасыз етіп отыр. Барлық экспорттаушылардың 43%-ын тамақ саласының кәсіпорындары (233), одан әрі химия (69) және металлургия өнеркәсібі (55) құрайды. Бұл ретте 2019 жылдан бастап ашық деректер порталында орналастырылған қолданыстағы экспорттаушылардың тізілімін Сауда министрлігі жүргізеді. Вице-премьер тиісті мемлекеттік органдар мен өңірлерге экспорттаушыларды белсенді қолдауды жалғастыруды және 650 экспорттаушы компания деңгейінде 2022 жылға арналған экспорттық акселерация бағдарламасын іске асыру бойынша белгіленген нысаналы индикаторға қол жеткізуді тапсырды. Жалпы, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб аясында биыл вице-премьер Әлихан Смайыловтың төрағалығымен 32 отырыс өткен. Сол сәтте 100 әлеуметтік маңызды және өзекті мәселелер тыңдалып, нәтижесінде Жол картасының 362 пунктінің 201 пункті орындалды.