Енесін арқалаған келін көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Енесін арқалаған келін көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Енесін арқалаған келін көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде енесін арқасына мінгізіп, үйіне апара жатқан келіннің видеосы қызу талқыланып жатыр. Көпшілік енесінің аяғын жерге тигізбей арқалап келе жатқан келінге түрлі пікір жазған, деп хабарлады turkystan.kz exk.kz-ке сілтеме жасап. Facebook желісінде пайда болған бейнежазбадағы әже мен келіннің кім екені, видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз. Ал желі қолданушылары «Осындай тәрбие берген анасына мың алғыс! Келін, бақытты бол!», «Тәрибелі келін екені көрініп тұр, апамызға Алла ұзақ ғұмыр берсін!», «Мынандайды бірінші рет көруім. Келінжан, аман бол» дегендей түрлі тілек жазуда.