Екі автобус соқтығысып, 20 адам зардап шекті

Екі автобус соқтығысып, 20 адам зардап шекті

Екі автобус соқтығысып, 20 адам зардап шекті
ашық дереккөзі
Алматы қаласының Медеу ауданындағы Тәтібеков пен Серпер көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты, деп жазды turkystan.kz. Куәгерлердің айтуынша, №4 автобус аялдамада тұрған. Сол уақытта №203 автобусы жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатады. Серпер көшесінен өткен соң жүргізуші аялдамада тұрған автобусты айналып өтпек болады. Бірақ №203 автобус жүргізушісі сол жақтағы көлікті байқап, жеңіл көлікпен соқтығыспау үшін рөлді оңға бұрады. Нәтижесінде жүйткіп келе жатқан қоғамдық көлік аялдамада тоқтап тұрған №4 автобуспен соқтығысады. Жол-көлік оқиғасы барысында жиырма адам әртүрлі дене жарақатын алды. Алматы Оқиға орнына жеткен құтқарушылар, полиция және дәрігерлер жолаушыларға көмек көрсетті. Ал зардап шеккен жолаушылардың бір бөлігі жедел жәрдем көлігімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.