Әкімдіктің 557 қызметкері терроризмді қолдады деген күдікке ілінді

Әкімдіктің 557 қызметкері терроризмді қолдады деген күдікке ілінді

Әкімдіктің 557 қызметкері терроризмді қолдады деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Түркияның Ішкі істер министрлігі оппозиция басқаратын Стамбул қаласы әкімшілігінің 500-ден астам қызметкеріне қатысты тергеуді бастады, деп жазды turkystan.kz. Белгілі болғандай, күдіктілерге радикалды топтарға қатысы бар деген арыз-шағым түскен. Министрлік жүргізген тексеріс нәтижесінде әкімдікте қызмет ететін 455 қызметкердің республикада тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясымен, тағы 102 қызметкердің елде террористік деп танылған ұйымдармен байланысы бар деген күдікке ілінді. Стамбул қаласының мэрі, Түркияның негізгі оппозициялық Республикалық халықтық партиясының мүшесі Экрем Имамоғлы министрліктің бұл мәлімдемесін сынға алды.
«Мені қосқанда Стамбулға қызмет етіп жүрген жолдастарымның саны 86 мыңға жетеді. Мен олардың құқығын таптауға жол бермеймін. Кінәлілермен соңына дейін күресейік», - деп жазды Экрем Имамоғлы «Twitter»-дегі парақшасында.
Депутаттың айтуынша, ІІМ күдіктілердің нақты санын айтып, оларға қатысты үкім шығарады. Кейін тергеу жұмыстары жүргізіледі. Әкімдік қызметкерлерін жұмысқа қабылдау барысында министрлік қосымша тексеріс жүргізеді.