Қазақстанға қай елдер АЭС салуға құштар?

Қазақстанға қай елдер АЭС салуға құштар?

Қазақстанға қай елдер АЭС салуға құштар?
ашық дереккөзі
Бүгін Үкімет отырысынан кейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев тілшілерге елімізде атом электр станциясын салуға қатысты сауалға жауап берді, деп жазды turkystan.kz. Басқарма төрағасының айтуынша, Қазақстанда АЭС құрылысын салуға Ресей, Франция, АҚШ және Қытай қызығушылық танытып отыр.
«Ресей үкіметінің басшылығымен өткен ресми кездесулер барысында Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі талқыланды. Бұл ретте елімізде АЭС салуға жалғыз «Росатом» компаниясы ғана қызығушылық танытып отырған жоқ. Бұған дейін техникалық-экономикалық ұсыныстарды алдын-ала зерделеу тәртібі жарияланған болатын. Сол кезде Франция мен АҚШ-тың екі компаниясы, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасынан бір-бір компаниядан ұсыныс түсті», - дейді Алмасадам Сәтқалиев.
Әр тараптармен консультациялар жұмыс тәртібінде жүргізіліп жатқанын айтқан басқарма төрағасы келіссөздер динамикасы мен оның алдын-ала нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ашық хабарлауға уәде берді. Еске салар болсақ, бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев тілшілерге берген сұхбаттарының бірінде АЭС салуға барынша қолайлы жер ретінде Алматы облысындағы Үлкен ауылын атаған болатын.