Жаңалықтар

Төрт баланы өрттен құтқарған оқушыға көлік тарту етілді

ашық дереккөзі

Төрт баланы өрттен құтқарған оқушыға көлік тарту етілді

Қостанайда төрт баланы өрттен құтқарған оқушыға су жаңа автокөлік сыйға тартылды, деп хабарлады turkystan.kz. «Allur» компаниясы жас батырға отандық өндірістегі Chevrolet Nexia автокөлігінің кілтін табыс етті. «Біздің Президент қазақстандықтардың осындай батырлық әрекетін назардан тыс қалдырмайды және үнемі бағалайды. «Allur» компаниясы Мемлекет басшысы - Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін толықтай қолдайды. Қазақ жері әрдайым ұлы батырлармен даңққа бөленіп келген және бұл жас баланың істеген ісі – нағыз ерлік, таңдануға тұрарлық және бәрімізге үлгі!» - деді «Allur» КТ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев. Андрей Лаврентьев бұл сыйлықтың Олег Пирогтың батырлық әрекетін жоғары бағалаған кәсіпорынның барлық қызметкерлері атынан екенін атап өтті. Айта кетейік, өрт болған күні Олег көшеде ойнап жүрген. Кенет көрші үйден қалың түтінді байқап қалған. Олег мұнда көпбалалы отбасы мен кәмелетке толмаған балалар тұратынын білетін дейді Қостанай облысының Төтенше жағдай департаменті. Сондықтан ол өрт сөндірушілердің келуін күтпей, түтіндеген үйге терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тігіп, кезекпен төрт баланы көшеге шығарған.