Елімізде жаңа жылдан бастап жалақы көтеріледі

Елімізде жаңа жылдан бастап жалақы көтеріледі

Елімізде жаңа жылдан бастап жалақы көтеріледі
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz. Президентке министрліктің биылғы атқарған жұмыстарының қорытындылары және Жолдауда айтылған мәселелердің жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді. Атап айтқанда, жаңа жылдан бастап төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеге дейін жеткені және тағы 591 мың азаматтық қызметкердің жалақысы өсетіні айтылды. Сонымен қатар министр Жұмыспен қамту орталықтарын цифрландыру бойынша мәлімет берді. Айтуынша, жұмыс іздеген азаматтардың 33 пайызы онлайн қызмет түрін пайдаланған, 26 мың жәрдемақы электронды түрде рәсімделген. Сондай-ақ биыл 988,8 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алған.