АШМ Даниал Ахметовтің ұлымен 4 миллиард теңгеге шарт жасасты
АШМ Даниал Ахметовтің ұлымен 4 миллиард теңгеге шарт жасасты
Ауыл шаруашылығы министрлігі Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы министрліктер үйінен 4 миллиард теңгеге жуық ақшаға «Ақ сұңқар НТ» ЖШС-нен кеңсе аумағын сатып алды, деп хабарлады turkystan.kz adyrna.kz-ке сілтеме жасап.
Ауданы 4500 м2 болатын Ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа кеңсесі ғимараттың үшінші кіреберісіндегі алтыншы қабатта орналасқан.
«Ақ сұңқар НT» ЖШС құрылтайшысы Талғат Даниалұлы Ахметов болып табылады, оның жеке деректері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ұлы Даниал Ахметовпен толығымен сәйкес келеді. Сондай-ақ Ratel.kz ақпараттық порталы «Ақ сұңқар НТ» ЖШС жоғары лауазымды шенеуніктің баласына тиесілі екенін жазады.