Екі депутат жол үстінде төбелесіп қалды

Екі депутат жол үстінде төбелесіп қалды

Екі депутат жол үстінде төбелесіп қалды
ашық дереккөзі
Украинаның Бердянск қаласында көлікпен келе жатқан екі депутат бір-біріне қол жұмсаған. Олар жол ережесін кім бұзғанын нақтыламақ болыпты, деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы ақпаратты Запорожье облысының полиция бөлімі таратты.
«1975 жылы дүниеге келген ер адам 1978 жылы туған әріптесін соққыға жығып, басынан бірнеше мәрте ұрған. Қысқасы, екеуі жол ережесін кім бұзғанын осылайша нақтылауға тырысқан. Полиция қызметкерлері тексеру барысында екі азаматтың түрлі партия атынан Бердянск қалалық және аудандық кеңестерінің депутаттары екенін анықтады» делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Украина Қылмыстық кодексінің 125-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.