«Кока коланың қақпағынан ұтып алуға болады ғой...»: Мұхамбетов тағы сыналды

«Кока коланың қақпағынан ұтып алуға болады ғой...»: Мұхамбетов тағы сыналды

«Кока коланың қақпағынан ұтып алуға болады ғой...»: Мұхамбетов тағы сыналды
ашық дереккөзі
Журналист Ербол Мәндібек Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өрттен 4 баланы аман алып қалған оқушы Олег Пирогқа алғыс хат пен ноутбук сыйлағанын сынға алды. Бұл жайтты оның Facebook-тегі парақшасына жариялағаны сол-ақ екен, өзге әріптестеріміз де өңір басшысының әрекетіне қынжылыс білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Біздің әкімдердің «кемістігі» өлсе де қалмайтын шығар. Бүтін бір отбасын өрттен аман алып қалған кішкентай Олег батырға «қайыршының асындай» қамқорлық қылыпты. Архимед әкім жол жөндеудің бір шақырымына 50 миллион теңге бөледі. Бір шақырымына. Жыл сайын неше шақырым жол «жөндейді»? Ең құрығанда, екі метр жолдың ақшасын қисаң етті... Мемлекеттік бағдарламаны сылтау қылып, «суырыпсалуды» қатырады. Осындайда сорлап қалады. Қостанай облысы не үшін жарымай жүр деген сұраққа қарапайым жауап», - деді Ербол Мәндібек.
Тағы оқи отырыңыз: Қалың киінген Мұхамбетов Арқалықтың қыздарын қалтыратып қойыпты Осы орайда, тағы бір журналист Диас Нұрақын «Кем дегенде, 5 млн теңге ұстату керек еді. Ноутбукті қазір адам құтқармақ түгілі, Кока коланың қақпағынан ұтып алуға болады ғой» деп кекесін білдірсе, келесі әріптесіміз Ришат Асқарбекұлы «Ноутбук? Ұят бопты» деп «басын шайқады». Ал Жазира Бегалы болса, бұл әрекетті «Әкімнің бағасы сондай болып тұр ғой» деп санайды.