Жаппай жол апаты: кінәлілер жауапқа тартылды

Жаппай жол апаты: кінәлілер жауапқа тартылды

Жаппай жол апаты: кінәлілер жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Алматы облысында жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жолдардың жай-күйіне жауапты тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазды turkystan.kz. Бұған дейін тәртіп сақшылары «Алматы - Қорғас» тас жолында 17 көліктің қатысуымен болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Белгілі болғандай, апат ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа байланысты орын алған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар.
«Жолдарды пайдалану және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 353-бабы «Көліктегі қолданыстағы ережелерді бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Полиция департаментінің өкілі.
Қазір аталмыш факті бойынша сараптамалар тағайындалып, уәкілетті органдарға тиісті сауалдар жолданған. Сондай-ақ, жеткілікті мән-жайлардың жан-жақты, толық және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Еске салсақ, 25 желтоқсан, таңғы сағат 10.00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданындағы тас жолда орын алған жол-көлік оқиғасы кезінде 17 көлік соқтығысқан болатын. Жол апатынан зардап шеккен бес адам Шелек ауылындағы облыстық ауруханаға медициналық тексеруден өту үшін жеткізілді.