БҚО-да вакцина салдырмағандарға сауда орталығына жол жоқ

БҚО-да вакцина салдырмағандарға сауда орталығына жол жоқ

БҚО-да вакцина салдырмағандарға сауда орталығына жол жоқ
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулы күшіне енді. Онда «көк» мәртебесі бар тұрғындарға сауда орталықтарына кіруге тыйым салынған. Сондай-ақ, вакцина алмаған азаматтар қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі, деп жазды turkystan.kz. БҚО бас санитар дәрігері Мұхаметғали Арыспаев жаңа қаулыға қол қойды. 27 желтоқсанда күшіне енген құжатта жазылған тармақтардың бірінде:
«Сауда және ойын-сауық үйлері, сауда орталықтары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын, жұмыс және демалыс күндерінде штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, қызметкерлер мен келушілерді қауіпсіз «жасыл» мәртебемен (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР-тест, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдар) кіргізу», - делінген.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сауда орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі барлар ғана кіргізіледі деген ереженің шаһар тұрғындары толық вакцина алғанға дейін жалғасатынын ескерткен болатын.