«Біз үсіп қалдық!»: Ақтауда көпқабатты үйдің тұрғындары тоңып отыр

«Біз үсіп қалдық!»: Ақтауда көпқабатты үйдің тұрғындары тоңып отыр

«Біз үсіп қалдық!»: Ақтауда көпқабатты үйдің тұрғындары тоңып отыр
ашық дереккөзі
«Дукат» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылыту маусымы басталғалы бері суық үйде отыр, деп хабарлады turkystan.kz. Жылудың жоқтығынан әбден тоңған тұрғындар Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға үндеу жолдады.
«Біз үсіп қалдық! Жылыту маусымы басталғаннан бері жағдай күрделене түсуде. МАЭК пен КЖСА-ға бірнеше рет мәселемізді айтқанымызбен жағдай жақсармады. Мәселе шешілмейді. Жылу тасымалдағыштың көлемі үш есе, яғни 22 текше метрден 7-ге дейін төмендеді», - деп жазылған тұрғындар хатында.
Ал Ақтау қаласының әкімдігі «Дукат» тұрғын үй кешеніне «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» мен «КЖСА» мамандары 25 желтоқсанда жылу жүйесі мен жылу қондырғыларына тексеру жүргізгенін мәлімдеді.
«Тексеру нәтижесінде, айналымның төмендеуіне байланысты пәтерлерге жылу нашар берілетіні анықталды. Осыған байланысты үйдің жылу құбырына қосымша сорғы орнату ұсынылды. «КЖСА» тарапынан сорғыларды орнатуға рұқсат берілді. ЖЭК өз тарапынан жылу қондырғысына қажетті қаражатты қарастырып, орнатуға кірісті. Сондай-ақ, жұмыс тобына тұрғындар да қатысты, олар жұмыс тобының шешімімен келісті», - делінген әкімдіктің ресми жауабында.