Қарағандылық әйел дәрігердің қателігінен сал болып қалды (ВИДЕО)

Қарағандылық әйел дәрігердің қателігінен сал болып қалды (ВИДЕО)

Қарағандылық әйел дәрігердің қателігінен сал болып қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қарағандыда дәрігердің қателігінен сал болып қалған Айғаным Сейдуалиеваның ұлы анасының еміне халықтан көмек сұрады, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап. Айтуынша, анасы венеролог дәрігердің дұрыс емдемеуі салдарынан 2 жарым жылдан бері төсек тартып жатыр. Ал медицина қызметкерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс жабылып қалған. Алмас анасын арнайы зонтпен тамақтандырып, тәулік бойы күзетеді. Небәрі 47 жастағы Айғаным Сейдуалиева сөйлей алмай қалған. Ұлы анасының осындай күйге түсуіне венеролог дәрігерді кінәлі санайды. Оның айтуынша, қауіпті антибиотикті анасына үй жағдайында өгей әкесі салған. Дәрі тамырға енген бойда науқас есінен танып қалған.
- Анам уколдан кейін анафилактикалық шок алып, есінен танып, парализованный болып қалды, миы зақымдалған. Антибиотик негізсіз тағайындалған. Екіншіден, аллергиялық пробаға направление бермеген. Үшіншіден, бұл «ротоцеф» деген антибиотик 2015 жылдан бастап протоколдан алынып тасталған, - дейді науқастың ұлы Алмас Жеңісбек.
Дәрігердің өрескел қателігі арнайы тексеру кезінде расталған. Қылмыстық Кодекстің 317, яғни «медицина жұмыскерінің кәсіптік міндетін тиісінше орындамауы» бабымен іс қозғалған. Ол туралы бізге Медициналық бақылау департаменті мәлімдеді. Алайда сот-медициналық сараптама комиссия «науқастың жағдайына дәрігердің теріс емі тікелей әсер етпеді» деп шешкен. Осыдан соң полиция істі жауып тастапты.
- Медициналық көмек көрсету стандарттары өрескел бұзылған. Науқас ақылы түрде қаралған. Сөйте тұра еш келісім-шарт жасалмаған. Дәрігер ішетін дәрі тағайындауы тиіс еді, оның орнына қарсы көрсетілімі жоғары "Ротацеф" екпесін тағайындаған. Оны аллергиялық сынамасыз үй жағдайында салуға мүлде болмайды. Оның үстіне жедел жәрдем де кеш келген. Қазіргі таңда науқасқа бас миының анаксикалық зақымдануы диагнозы қойылып отыр, - деді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қарағанды облысы бойынша департамент жетекшісінің орынбасары Наталья Нармағамбетова.
Осы жағдайдан соң өгей әкесі отбасынан ізін суытқан. Айғаным Сейдуалиеваны Қазақстанда емдеу мүмкін емес. Еріксіз халықтан көмек сұраудан басқа амалы жоқ. Өйткені, ол анасының күтімінен бөлек, екі кішкентай қарындасы үшін де жауапты.
- Қазіргі уақытта көзге қарайды, дауыстарды таниды, жылайды.  Дәл қазіргі уақытта бізді Грецияға шақырып жатыр 3 айға реабилитацияға. Ол жердің бағасы өте қымбат. 19 млн. Қазақстандықтардың көмегімен 13 млн 500 мың жиналды. Қалған соманы жинап Грецияға кетсек деген арманым бар, - деді Алмас Жеңісбек
Ал Полиция департаменті аталған іске қатысты ақпарат бермеді.