Ақтауда 2,5 миллионға салынған әткеншектер сынып қалды
Ақтауда 2,5 миллионға салынған әткеншектер сынып қалды
Ақтауда алаңда салынған әткеншектер қолданысқа берілмей жатып, сынып қалған. Оны белгісіз адамдар бұзған болуы мүмкін, деп жазды turkystan.kz.
«Ынтымақ» орталық алаңында «Clover media group» ЖШС орнатып жатқан «Әткеншек» нысанын бұзған бұзақылардың әрекеті қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырған.
- Сөзім жоқ. Алаңда барлық бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұрғаны анық, бұзақы адамдарды анықтау қиын емес еді. Бірақ қандай да бір себептермен полицейлер қозғалмайды, - деді жергілікті тұрғын Ғалия «Лада» басылымына білдірген пікірінде.
Қалалық әкімдік аталған шағын архитектуралық нысанның жұмысы әлі қабылданбағанын хабарлады.
- Қалпына келтіру жұмыстарын мердігер компания жүргізетін болады, - деп атап өтті әкімдіктегілер.
Айта кетейік, «Әткеншек» шағын сәулет нысанының құны - 2 553 441 теңге.