Бразилияда 37 қала су астында қалды

Бразилияда 37 қала су астында қалды

Бразилияда 37 қала су астында қалды
ашық дереккөзі
Бразилияның солтүстік-шығысында ондаған қала су астында қалды, деп хабарлады turkystan.kz. Қаза тапқандар саны 18-ге жетті, тағы екеуі із-түзсіз жоғалды. Баия штатының Азаматтық қорғаныс басқармасы (Sudec) аймақтағы нөсер жаңбыр қараша айынан бері жалғасып жатқанын хабарлаған. Тек соңғы аптаның өзінде су тасқынынан 430 869 адам зардап шеккен. 15 миллионнан астам халқы бар Баия штатында 16 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды. 19,5 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынына байланысты 72 қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. Баия губернаторы Руи Костаның айтуынша, 37 қала толығымен су астында қалған.