Мемқызметкерлерге жұмыстан тыс уақытта такси жүргізуге болады

Мемқызметкерлерге жұмыстан тыс уақытта такси жүргізуге болады

Мемқызметкерлерге жұмыстан тыс уақытта такси жүргізуге болады
ашық дереккөзі
Елімізде мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан бос уақытта қосымша пайда табуға рұқсат беріледі. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгінде ондай норма жоқ. Бірақ болашақта оны заңға кіргізуді ойластырып жатырмыз. Мысалы, жұмыстан бос уақытта айналыса алады. Дәл қазір заңнамада жоқ. Бірақ оны дайындап жатырмыз. Неге біз оларға қосымша жұмыс істеуге мүмкіндік бермейміз?» - деді агенттік төрағасы.
Осы орайда, тілшілер нақты қандай қосымша жұмыспен айналысуға рұқсат берілетінін сұрады. Тағы оқи отырыңыз: Кәсіпкерлікпен айналысқан шенеуніктер жазаланды
«Кәсіпкерлікпен емес. Қосымша басқа да жұмыстар болады ғой. Мысалы, жұмыстан бос уақытта такси жүргізуші болып жұмыс істегісі келеді. Отбасын асырауға қосымша қаражат қажет болса, соған рұқсат беру үшін заңнамаға өзгерістерді дайындап жатырмыз. Бірақ ол әлі қабылданған жоқ. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға болмайды», - деп нақтылады Жайылғанова.