Жаңалықтар

Ғалымдар тағамның дәмін экран арқылы тарататын теледидар жасап шығарды

ашық дереккөзі

Ғалымдар тағамның дәмін экран арқылы тарататын теледидар жасап шығарды

Жапониядағы Мэйдзи университетінің профессоры Гомей Миясита экранда көрсетілген тағамның дәмін жеткізе алатын теледидар прототипін жасап шығарды, деп хабарлады The Guardian. Миясита бұл үшін теледидарға арнап Taste the TV деп аталатын құрылғы жасады. Оның құрамында әртүрлі хош иістендіргіштердің 10 түтігі бар. Бұл «дәмдер» теледидарда көрсетілген тағамның дәмін жасау үшін қажет. Содан кейін алынған дәм теледидар экранында гигиеналық пленкаға сұйықтық түрінде құйылады. Тамақтың дәмін сезіну үшін пленканы жалау керек. «Мақсат – көрерменнің әлемнің қиыр түкпіріндегі мейрамханаға өзі барғандай сезіну», - дейді жоба авторы. Жапон профессоры 30 студенттен тұратын командамен жұмыс істеп, дәмге қатысты көптеген құрылғыларды жасап шығарды. Taste the TV жасау үшін бір жыл қажет кеткен. Ғалым құрылғының коммерциялық нұсқасын шығаруды жолға қойса, оны 100 мың иенге (378 747 теңге) сатып ала алатынын айтты. Миясита болашақта тағам дайындау бойынша қашықтықтан оқыту бағдарламасын, сонымен қатар дәмге байланысты ойындар мен викториналарды әзірлеуді жоспарлап отыр.